From Wikipedia, the free encyclopedia
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті — Қазақстанның Қызылорда қаласындағы жоғары оқу орны. 1937 жылы құрылған.
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті | |
Университет атауы | |
---|---|
Халықаралық атауы | Korkyt Ata University |
Жалпы сипаттамасы | |
Құрылған жылы | 1937 |
Қайта құрылған жылы | 1998 |
Түрі | Коммерциялық емес акционерлік қоғам |
Орналасуы | |
Орналасқан жері | Қазақстан, Қызылорда |
Мекенжайы | Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі, 29А |
Әкімшілік | |
Басқарма төрағасы-ректор | Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы |
Негізгі көрсеткіштер | |
Ғылым докторы | 27 |
Бакалавриат | 9358+ |
Магистратура | 711 |
Докторантура | 51 |
Сайты | korkyt.edu.kz |
өңдеу |
Университеттегі 6 институт, 24 кафедрада педагогикалық, гуманитарлық, әлеуметтік, жаратылыстану ғылымдары, өнер, бизнес және басқару, құқық,техника және технология, ауыл шаруашылығы, қызмет көрсету бағыттары аясында бакалавриаттың 66, магистратураның 34, докторантураның 13 білім беру бағдарламасы (БББ) бойынша мамандар даярланады.Университетте 550-ге жуық профессор-оқытушы 10 мыңнан астам білім алушыға дәріс жүргізеді. Сондай-ақ, 5 ғылыми орталық пен әскери кафедра, өндіріс орындарында кафедралардың 95 филиалы бар..Университетте білім алушылардың ғылыми-зерттеу іс-шараларына жүйелі қатысуына, рухани, мәдени, спорттық белсенділігін арттыруға ықпал ететін жастар ұйымдары жұмыс істейді.Ғылыми кітапхананың OPEN SPASE кеңістігі, 24/7 форматындағы "МегаПро" бағдарламасы қызмет етеді, сыртқы электронды ресурстарды пайдалануға мүмкіндігі мол. Университеттің 9 оқу ғимараты бар. Түркия,Канада, Корея Республикасы, Ресей, Польша, Бельгия, т.б. шетелдік оқу орындары және жетекші ғылыми орталықтарымен байланыс орнатылған. Университет: Quacquarelli Symonds World University Rankings (QS WUR) – 2024 ғаламдық рейтингісінде 1201-1400 орындар аралығында; UI GreenMetric World University Rankings – университеттердің Дүниежүзілік рейтингінде 1015 орында; QS EECA ТОП-300, QS Asia ТОП-551-600,QS Asia University Rankings – 2024 рейтингінде ТОП 601-650 қатарында.
1937 жылы Қиыр Шығыстағы Корей педагогикалық институтының Қызылордаға қоныс аударуы негізінде Қызылорда педагогикалық институты ашылды.
1952 жылы наурыз айында Қызылорда педагогикалық институтына Н.В.Гогольдің есімі берілді.
1992 жылы 21 сәуірде Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты болып қайта аталды.
1996 жылы 7 мамырда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда педагогикалық институты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті болып қайта құрылды.
1976 жылы 13 шілдеде Қызылордада Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының филиалы ашылды.
1990 жылы 15 қарашада аталған филиал Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты болып қайта құрылды.
1992 жылы 12 ақпанда Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтына атақты күрішші, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаевтың есімі берілді.
1996 жылы 7 мамырда Ы.Жақаев атындағы Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институты Ы.Жакаев атындағы Қызылорда политехникалық институты болып қайта құрылды.
1998 жылдың 24 наурызында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университеті мен Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институты біріктіріліп, "Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды.
2012 жылы 28 сәуірде «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ретінде қайта ұйымдастырылды.
2020 жылы 1 шілдеде «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғам ретінде қайта құрылды.[1]
Боробов Андрей Афанасьевич, 1937-1938 жж.
Ривкин Соломон Ильич, 1938-1948 жж.
Айтжанов Айдарбек, 1948 ж. (наурыз-тамыз)
Тоқмұрзин Орал,1948-1951 жж.
Коргулин Әбдірахман, 1951-1952 жж.
Жаманбаев Қадыр,1952-1954 жж.
Ермеков Әділ,1954-1963 жж.
Өсербаев Базарбек, 1963-1970 жж.
Камардинов Оралхан, 1970-1987 жж.
Айтмұхамбетов Абай Ахметғалиұлы, 1987-1991 жж.
Досманбетов Бақберген Сәрсенұлы, 1991-1995 жж.
Әбдірәсілов Болатбек Серікбайұлы,1996-1998 жж.
Бишімбаев Уәлихан Қозыкеұлы, 1976-1996 жж.
Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы,1996-2007 жж.
Момынбаев Байзақ Көпірбайұлы, 2007-2011 жж.
Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы, 2011-2019 жж.
Кәрімова Бейбіткүл Сәрсемханқызы, 2020 жылдан қазірге дейін.
Университет жанында 4 мұражай: Университет тарихы мұражайы (мекен-жайы:Ы.Жақаев көш.,11); Археология және этнография орталығының көрме залы (Әйтеке би көш.,29-А); Спорт даңқы мұражайы (А.Иманов көш.,60); Су шаруашылығы музейі (Назарбаев даңғылы, 15) бар. 9 тақырыптық блок бар.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.